Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияр Есин Қауіпсіздік кеңесі ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды

Опубликовано:

Данияр Есин
Данияр Есин. Фото: Ақорда

Данияр Есин Қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды. Тиісті құжатқа Қазақстан президенті қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген құжат мәтінінде.

Айта кетейік, Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында басшының орынбасары, басшы лауазымдарын атқарды.

2016-2018 жылдары - Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы болды.

2018-2019 жылдары - Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық даму істері жөніндегі басқарманы басқарды.

2019-2020 жылдары- Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

2020 жылдан 2021 жылға дейін - "Рухани жаңғыру" ҚЕАҚ басқарма төрағасы.

2021 жылдың наурыз айында Қауіпсіздік кеңесі ахуалдық орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964579-daniyar-esin-qauipsizdik-kenesinin-axualdyq-ortalygynyn-mengerusisi-lauazymynan-bosatyldy/

pixel