Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Аймағамбетовке мектептегі білім беру сапасын арттыруды тапсырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Аймағамбетовті қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында министр Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдауда берілген тапсырмаларының орындалу барысы, министрліктің білім және ғылым жүйесін жақсартуға бағытталған бастамалары жөнінде баяндады.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов президентке балалар құқықтарының бұзылу фактілерін азайту үшін жекеменшік балабақшалардың жауапкершілігін арттыруға және мектеп бағдарламалары мен оқулықтарды әзірлеудің жаңа тәсілдеріне қатысты ұсыныстар айтты.

Министрдің сөзінше, мемлекет басшысының жолдауда берген тапсырмалары аясында "Ғылым туралы" заңға өзгертулер енгізілген. Енді тарих, қазақ тілі, философия, археология, математика, шығыстану және басқа да салалар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген 4 мыңнан астам ғалым тұрақты түрде еңбекақы алады.

Одан бөлек ғылыми жобаларды қаржыландыру мерзімі бұрынғы 3 жылдан 5 жылға дейін созылған. Жас ғалымдарды қолдау үшін постдокторантураға мың грант бөлінген. Сондай-ақ арнайы конкурстар басталған. Соның аясында 2 мыңнан астам жас ғалым 17 миллиард теңгенің грантын алған.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ғалымдардың әлеуетін арттыру шаралары қабылданған. Жыл сайын 500 отандық маман республикалық бюджет есебінен әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Министрдің есебін тыңдаған президент мектептегі білім беру сапасы мен мұғалімдердің мәртебесін арттыру жөніндегі мақсатты жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар мемлекет басшысы жоғары оқу орындарына лицензия беру тәртібін жетілдіру және іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізетін институттарды қолдау қажет деп санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1964694-toqaev-aimagambetovke-mekteptegi-bilim-beru-sapasyn-arttyrudy-tapsyrdy/

pixel