Қанат Сейдгапбаров Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Сейдгапбаров Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.
Қанат Сейдгапбаров 1978 жылы дүниеге келген. Жоғары заң және экономикалық білімі бар.
2000-2001 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында жұмыс істеген.
2001-2016 жылдары Бас прокуратурада, кейін соның ішінде департамент бастығы болған.
2016-2019 жылдары Президент әкімшілігінде Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.
2019 жылғы 24 сәуірде Қауіпсіздік кеңесі төрағасының шешімімен Қауіпсіздік кеңесі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.
Отбасылы, 4 баласы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1965095-qanat-seidgapbarov-qauipsizdik-kenesi-xatsysynyn-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.