Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 7 облыстағы департаментінің басшысы ауысты

Опубликовано:

қол қою1
Көрнекі фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 7 облыстағы департаментінің басшысы ауысты. Сондай-ақ тағы екі департаментке жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, президент жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиясының ұсынымына сәйкес, агенттік төрағасының 2022 жылғы 14 сәуірдегі бұйрығымен:

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы болып Мұрат Қарымсақов;
  • Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болып Асхат Оразхан;
  • Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы болып Мұрат Төлеубаев;
  • Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Ерлан Досанов;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болып Денис Шакенов;
  • Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы болып Болат Жылқыбаев;
  • Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Әділхан Әшірбаев тағайындалды.

Сонымен қатар агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы болып Мұрат Урумханов және Превенция қызметінің басшысы болып Мұрат Ахметов тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1965102-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-is-qimyl-agenttiginin-7-oblystagy-departamentinin-bassysy-auysty/

pixel