Нұрлан Қоянбаев Президент телерадиокешенінің креатив директоры болып тағайындалды
Жарияланған күні:
Танымал қазақстандық продюсер Нұрлан Қоянбаев Президент телерадиокешенінің креатив директоры болып тағайындалды. Бұл туралы телерадиокешен Telegram-дағы арнасында хабарлады.
Нұрлан Қоянбаев бұған дейін Qazaqstan ұлттық телеарасының бас продюсері қызметін атқарған.
Сондай-ақ республикалық телеарналарда танымал жобалардың продюсері әрі жүргізушісі болған.
Ал 2021 жылы мемлекет басшысының жарлығымен "Шапағат" медалімен марапатталған.
Сонымен қатар танымал продюсер Алпамыс Шәрімов Президент телерадиокешені бас директорының кеңесшісі болып тағайындалды.
Алпамыс Шәрімов әр жылдары "Қазақ радиосында" радио жүргізушісі ретінде, сондай-ақ Qazaqstan телеарнасында жұмыс істеген.
Қазақстандық және халықаралық жобаларды ұйымдастыруға атсалысқан. Ол халықаралық Global Gift Foundation қайырымдылық қорының мүшесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1965105-nurlan-qoyanbaev-prezident-teleradiokeseninin-kreativ-direktory-bolyp-tagaiyndaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.