Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дархан Ахмедиев Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Тағайындау
Дархан Ахмедиев. Фото : Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қорғаныс министрінің орынбасары мен Тұңғыш президент – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен:

  • Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына;
  • Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, Дархан Ахмедиев бұған дейін Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқарма басшысы, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті директорының орынбасары, аталған министрліктің ІТ даму департаментінің директоры мен ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Ал Лұт Әлшекенов жаңа қызметіне дейін Қорғаныс министрлігі кадрлар департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Ол ІІ дәрежелі "Даңқ" орденінің иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1965215-darxan-axmediev-qorganys-ministrinin-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/