Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауылға жақындады": Павлодар облысында қураған шөптің өртке орануы тұрғындардың зәресін алды

Опубликовано:

Өрт
Көрнекі фото: ҚР ТЖМ

Кеше, 17 сәуірде Павлодар облысында Ертіс өзенінің жайылмасында қураған шөп өртке оранды. Жақын маңдағы бірнеше елдімекеннің тұрғындары өрттің үйлеріне жақындап қалғанына алаңдаулы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Төтенше жағдай туралы видео Instagram әлеуметтік желісіндегі tipavlo тобында жарияланды.

Кадрдан ауылға жақын жерде көк түтіннің будақтап жатқаны көрінеді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті елдімекендерге қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеп, павлодарлықтарды сабырға шақырды.

Ведомство түсініктемесі Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

Департамент Ертіс өзенінің Жолқұдық пен Алғабас ауылдары арасындағы жайылмасында қураған шөптердің өртенгенін хабарлады.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен арнайы техника барған.

Қызыл жалын аумағы 15 гектарды құрады.

Кеше сағат 16.00-де тілсіз жау ауыздықталды.

"Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - деді төтенше жағдайлар департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1965453-auylga-zaqyndady-pavlodar-oblysynda-quragan-soptin-ortke-oranuy-turgyndardyn-zaresin-aldy/

pixel