Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа тыйым: Тоқаевтың Болгариядағы елші қызметіндегі туысы орнынан кете ме

Опубликовано:

Теміртай Ізбастин
Теміртай Ізбастин. Фото: twitter.com/MFA_KZ

Орталық коммуникация қызметіндегі брифингте Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстанда президент туыстарына арналған бірқатар лауазымға тыйым салынған соң Болгариядағы елші Теміртай Ізбастин қызметінен босатыла ма деген сұрақ жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер Мусинге президентпен туыстығына байланысты Теміртай Ізбастин елші қызметінен босатыла ма деген сұрақ қойды.

"Мұндай тыйым салынған соң бәрі заңнамаға сәйкес келтіріледі. Орнынан алып тастау - кеңестік дәуірден келген термин. Ол бұл қызметте отыра алмайтыны үшін орынды босатады", - деді Әділет министрі.

Естеріңізге сала кетейік, Ізбастин Теміртай Рымтайұлы 2019 жылғы қарашада Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1965550-zana-tyiym-toqaevtyn-bolgariyadagy-elsi-qyzmetindegi-tuysy-ornynan-kete-me/

pixel