Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7 қылмыстық іс тергеліп жатыр": Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы президентке есеп берді

Опубликовано:

Тоқаев пен Элиманов
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Жанат Элиманов президентке Қаржылық мониторинг агенттігінің биылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады.

Атап айтқанда, 2021 жылдың 1- тоқсанында 552 қылмыстық іс қозғалған. Олардың жартысынан көбі – ауыр және аса ауыр қылмыстар. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 14 іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Мемлекетке 62 миллиард теңге көлемінде шығын келтірілген. 

Сондай-ақ Жанат Элиманов 2021-2023 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылданып жатқанын айтты. Мәселен, кеден саласында 34 қылмыстық іс қозғалған. Декларацияға енгізілмеген тауарлардың жалпы құны 10 миллиард теңгеден асады.  

Одан бөлек агенттік төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға бөлінген 20,5 миллиард теңге қаржыны жымқыру фактілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны туралы мәлімет берді.

Жанат Элимановтың айтуынша, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге ерекше көңіл бөлінеді. Қазір "Тариф" жобасы аясында коммуналдық қызметтер саласындағы тарифтердің негізсіз өсу деректерін анықтау және монополиялардан арылту жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ агенттік төрағасы Маңғыстау облысында сұйытылған газды сату кезіндегі алып-сату белгілері бойынша Энергетика министрлігінің, облыс әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және электронды сауда алаңдарына қатысты іс тергеп-тексерілуде екенін жеткізді.

Жанат Элиманов президенттің тапсырмасы аясында қаржыны Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз жылыстатуға қарсы жұмыстар да жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінде 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр және 28 миллион АҚШ доллары бұғатталған.

Кездесу соңында мемлекет басшысы агенттіктің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарының маңызды екенін ерекше атап өтіп, Жанат Элимановқа бизнеске қатысты жүргізіліп жатқан барлық қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Президенттің пікірінше, құқық қорғау және бақылаушы органдар кәсіпкерлердің өтініштеріне жедел назар аударуға және олардың құқығын шектемеуге тиіс.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан ерекше қолдау қажет екенін және бұл жерде Қаржылық мониторинг агенттігі маңызды рөл атқаратынын айтты.

Мемекет басшысының сөзінше, құқық қорғау және бақылаушы органдардың ортақ міндеті – экономикамыздың орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін елімізде қолайлы бизнес-орта қалыптастыруға атсалысу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1965575-prezident-elimanovqa-qylmystyq-isterdi-tergeude-zandylyqtyn-saqtaluyn-qamtamasyz-etudi-tapsyrdy/

pixel