Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

Опубликовано:

Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды
Нұрлан Мәсімов. Фото: Facebook / nurlan.masimov.9883

Павлодар облысы полиция департаментінің экс-басшысы, генерал-майор Нұрлан Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Telegram арнасындағы ресми парақшасында хабарланды.

Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізілуде.

Осы факті бойынша оның іс-әрекеті сырттай сараланып, тергеу соты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасыy санкциялады.

"Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Тергеу нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Айта кетелік, Нұрлан Мәсімов 2022 жылдың 17 қаңтарында сол кездегі Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың жарлығымен қызметінен босатылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966290-pavlodar-oblysy-policiya-departamentinin-buryngy-bassysy-nurlan-masimovke-izdeu-zariyalandy/

pixel