Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың тапсырмасын уақытында орындамаған вице-министр қызметінен босатылды

Опубликовано:

министрдің орынбасары
Фото: primeminister.kz

Берік Қамалиев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Батыс Қазақстан обылысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмаларының уақытында орындалмағаны үшін Қазақстан республикасы үкіметінің қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Берік Қамалиев премьер-министрдің кеңесшісі, көлік және коммуникация министрлігінің көлік және инфрақұрылым даму комитетінің төрағасы, индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, көлік және коммуникация министрі, "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966460-toqaevtyn-tapsyrmasyn-uaqytynda-oryndamagan-vice-ministr-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel