Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біздің депутат" басылымының қорытындысы бойынша үздік депутаттар анықталды

Опубликовано:

Оразалин Медет Бектасұлы. Редакция алқасының Төрағасы
Оразалин Медет Бектасұлы. Редакция алқасының Төрағасы. Фото: deputat-kaz.kz

Депутаттарға арналған "Біздің депутат" республикалық қоғамдық-саяси газетінің 2021-2022 жылғы қорытындысы негізінде республика көлемінде үздік мәслихат хатшылары мен депутаттары анықталды.

"Үздік мәслихат хатшысы" номинациясы бойынша 229 өңірлік мәслихат хатшылары арасынан 16 мәслихат хатшысы үздік деп бағаланып отыр. Олардың ішінен 2 облыс, 2 қала және 10 аудандық деңгейде үздіктер анықталды. Депутаттық топты үздік басқару, сайлаушылар мен депутаттар арасында тығыз байланыс орналастыру, әлеуметтік желіде белсенділік танытып, халыққа ашық болу ісі ескерілді.

16 адам, үздік мәслихат хатшылары
16 адам, үздік мәслихат хатшылары. Фото: deputat-kaz.kz

Мандатқа ие 3500 ге жуық депутат бар. Олардың ішінде 3300 депутат өңірлік Мәслихат депутаттары болып табылады. Солардың 900 депутаты облыстар мен қалалық мәслихатта қызмет етуде. Жоғарыда айтып өткен депутаттар арасынан быйыл 30 депутат үздік депутат деп танылып отыр.

Мәслихат депутаттарының қоғамдық жұмыстары еш қандай жалақымен бекітілмеген. Соған қарамастан сайлаушылардың қолдауына ие болған әр бір мәслихат депутаты қоғамға қызмет ету жолында орасан зор үлес қосуда.

Арасында 6 жылда 200 пәтердің кілтін мұқтаж жандарға сыйға тартқан депутат та бар. Ғылым, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік саласымен қоса ұстаздар мен медицина саласының өкілдері де мәслихатта депутат және олар да бұл номинацияда үздік атанып отыр.

Үздік мәслихат депутаттары
Үздік мәслихат депутаттары. Фото: deputat-kaz.kz

Мұндай марапаттар депутаттардың мәртебесін өсіріп, халық алдында игі жұмыстар жасауына, демеушілік пен қайырымдылық істеріне белсенді атсалысуына ықпал жасайды деген ниеттеміз. Депутат - атақ және мансап емес. Мәслихат депутаттары жалақы алмаса да, шын жүректен қоғамдық іспен айналысатын әр түрлі маман иелерінен құралған қоғамдық азаматтар тобына жатады.

Олардың арасында танымал бизнесмен, меценат, директордан бөлек, дәрігер, ұстаз, меңгеруші, қоғамдық ұйым жетекшілері, үлкен мекемелер мен зауыттардың қызметкерлері және қарапайым дихандар мен ауыл шаруашылық мамандары да бар.

Депутаттық жолда жасаған жақсы жұмыстарының нәтижесінде жергілікті Мәслихат хатшысының ұсынуымен "Үздік депутат" номинациясына қатысып отырған барлық депутаттардың ұлағатты істері тарих парағында естелік болып қалсын деген ниетпен "Қазақстанның Үздік Депутаттары" энциклопедиясына еңгізіп, тұсауы кесілді.

кітап мұқабасы
Фото: deputat-kaz.kz

Мақала авторы: Эльмира Усенқызы Сегизбаева

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966671-bizdin-deputat-basylymynyn-qorytyndysy-boiynsa-uzdik-deputattar-anyqtaldy/

pixel