Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Конституциялық кеңеске не үшін жүгінді

Жарияланған күні:

Конституция
Фото: e-history.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жұмыс тобының мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституциялық кеңеске жүгінуінің мәнін түсіндірді. Бүгін президент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына қатысты үндеу жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұмыс тобы мүшелерінің түсіндіруінше, президенттің өтініші бойынша "Қазақстан республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Конституцияның қолданыстағы баптарының біріне сәйкестігі тексерілетін болады.

Мұнда Конституцияның 91 бабының 2 тармағында жазылған өзгертуге болмайтын құндылықтар туралы сөз болып отыр. Онда:

"Конституцияда белгіленген мемлекеттің тәуелсіздігі, республиканың унитарлығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару формасы, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Қазақстан республикасының тұңғыш президенті – Елбасы белгілеген республиканың негізгі қағидаттары және оның мәртебесі өзгертілмейді", - делінген.

Осылайша, Конституциялық кеңес Конституцияға ұсынылып отырған жаңа түзетулердің оған түзетулер енгізу үшін белгіленген талаптарға қайшы келмейтінін тексеретін болады.

"Расында да, бүгін Конституциялық кеңес мемлекет басшысының заң жобасын қарау туралы өтінішін қазіргі уақытта қойылған талаптарға сәйкестігіне қатысты өз өндірісіне қабылдады.

Біз мұнда заң жобасының өзгертуге болмайтын мызғымас конституциялық құндылықтарға сәйкестігін тексеру туралы айтып отырмыз.

Осы өтінішті қарау нәтижесі бойынша Конституциялық кеңес қорытынды жасайды, одан кейін ғана заң жобасы келесі кезеңге өтеді", - деді Конституциялық кеңес аппараты жетекшісінің мүшесі Бақыт Нұрмұханов.

"Мемлекет қызметінің қағидаттарын Қазақстан халқы 1995 жылғы референдумда бекітті. Бұл мызғымас негіздерге нұқсан келген жоқ, керісінше, олар тереңдей түседі, кеңейеді және дамиды, - деді жұмыс тобының мүшесі Ермек Әбдірасулов.

Еске сала кетсек, бүгін Конституциялық кеңес Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер енгізу туралы өтінішін қабылдағаны белгілі болды.

Сонымен қатар, жұмыс тобының мүшелері еліміздің негізгі заңында Тұңғыш президенттің тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы мәртебесін бекіту жоспары туралы баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966676-toqaev-konstituciyalyq-keneske-ne-usin-zugindi/