Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Миржан Сатқанов
Миржан Сатқанов. Фото: instagram.com/uralskakimat

Президент әкімшілігі және қалалық мәслихат келісімімен Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы Орал қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдік өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Миржан Сатқанов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Орал қалалық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары:

- БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім басшысы және басшы орынбасары;

- БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы;

- БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы;

- БҚО әкімінің орынбасары болып қызмет атқарған.

Жаңа қызметіне дейін Бөрлі ауданының әкімі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1966846-oral-qalasyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel