Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Райымбек Баталов президентке ҰКП-ны трансформациялау жолдарын таныстырды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Райымбек Баталов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Райымбек Баталов. Фото: Ақорда

Президент "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында Райымбек Баталов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰКП-ны трансформациялау жолдарын таныстырды.

Сондай-ақ биылғы ақпан айында өткен Кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезінде микро және шағын бизнесті қолдауға мән бере отырып, мекеменің қызметін трансформациялау туралы шешім қабылданғаны туралы айтты.

"Атамекен" басшысы Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде де мәлімет берді.

Одан бөлек Райымбек Баталов мемлекет басшысына салалық сараптаманың сапасы мен жауапкершілігін арттыру үшін бизнесті жұмылдыру жөніндегі ҰКП-ның жоспарын таныстырды.

Атап айтқанда, палата мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттары мен бұйрықтарына қатысты жобаларды бизнеспен бірге талқылап, апробациядан өткізуге ниетті. Бұл мемлекет пен бизнестің өзара конструктивті ықпалдастығын нығайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында бизнеске жасалатын заңнамалық деңгейдегі қысымды азайтуға, сот пен прокуратура органдарының бизнесті қорғау жөніндегі тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның бизнес пен билік арасындағы ықпалдастықтың алтын көпірі болуға тиіс екенін ерекше атап өтіп, "Атамекеннің" қызметін жүйелі түрде өзгерту қажеттігін қолдады.

Сонымен қатар президент бизнес-ортаны бюрократиядан арылту жөнінде қабылданып жатқан шараларды және жүктелген міндеттерді жылдам әрі тиімді шешу үшін трансформация кезінде президиум төрағасы мен палата басқармасының позицияларын қосу қажет екенін мақұлдады.

Кездесу соңында мемлекет басшысы ұлттық палатаға кәсіпкерлікті дамытуға және бизнес-қоғамдастықтың құқығын қорғауға ықпал ететін институт ретінде ҰКП-ны реформалау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967010-memleket-bassysy-atameken-ulttyq-kasipkerler-palatasyn-odan-ari-damytu-strategiyasymen-tanysty/