Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәлік Отарбаев президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

Опубликовано:

Мәлік Отарбаев
Фото: dalanews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Мәлік Отарбаев президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президент қол қойған құжат Ақорда сайтында жарияланды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.

Мәлік Нұржанұлы 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Ақжар ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған.

2003 – 2016 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  Халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, "Диалог "Еуразия-Қазақстан" журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты "Қаламгер" журналының бас үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі қызметтерін атқарған.

2016 жылғы сәуір айынан бастап 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Түркия Республикасындағы елшілігінің Үшінші хатшысы лауазымын атқарды.

2018 жылдың 20 қарашасында Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалып, 2020 жылға дейін қызмет етті.

2020 жылдың қарашасынан 2021 жылғы мамыр айына дейін Қолжазбалар және сирек кітаптар Ұлттық орталығының директоры болып жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967083-malik-otarbaev-prezidenttin-kenessisi-bolyp-tagaiyndaldy/