Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы атынан ұсынылатын мәжіліс депутатын сайлауға қатысты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында парламент мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Ақорда.

Президент дауыс бергеннен кейін депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті.                                     

"Бірақ біздің парламентте Қазақстан халқы ассамблеясының тиісті орындары сақталады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған жолдауында Конституцияға өзгертулер енгізуді ұсынған болатын.

Осы ретте ҚХА квотасы мәжілістен Сенатқа ауыстырылып, депутаттар саны 9-дан 5-ке дейін қысқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967220-toqaev-qazaqstan-xalqy-assambleyasy-atynan-usynylatyn-mazilis-deputatyn-sailauga-qatysty/

pixel