Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асылбек Шәменов Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды

Опубликовано:

Асылбек Шәменов
Фото: baribar.kz

Қызылорда облысы басшысының өкімімен, Президент әкімшілігі және Қызылорда қалалық мәслихатының келісімімен Асылбек Шәменов Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдік ресми сайтында хабарлады.

Бүгінгі актив отырсында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласы әкімінің қызметін атқарған Ғанибек Қазантаевтың өз өтінішіне сәйкес, лауазымынан босатылғанын хабарлады.

Ол әріптесіне қаланың әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуына сүбелі үлес қосқаны үшін алғысын айтып, Қызылорда облысының "Құрмет" грамотасын табыстады.

Өз кезегінде Ғанибек Қазантаев әріптестеріне бірге жұмыс істеу барысында көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ жиында Нұрлыбек Нәлібаев жаңа қала басшысын таныстырып, оған қызметінде сәттілік тіледі.

"Асылбек Өмірбекұлы бұған дейін де бірқатар жауапты қызметтерді атқарған. Қаланың тыныс-тіршілігімен етене таныс. Әсіресе, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары ретінде қаланың қайнаған қазанында шыңдалған тәжірибелі және іскер басшы.

Бүгінгі күнге дейін Жалағаш ауданының әкімі қызметінде жүріп, ауданның экономикалық жағдайын жақсарту мен әлеуметтік әлеуетін арттыру жолында ауқымды жобаларды жүзеге асырып, жергілікті халықтың қолдауына ие болған. Ендігі кезекте, осы жинаған тәжірибесі мен білімін, іскерлік қабілетін облыс орталығы Қызылорда қаласын дамытуға арнап, сүбелі үлесін қосады деп сенеміз", - дейді Нұрлыбек Нәлібаев.

Облыс әкімі Асылбек Шәменовке Қызылорда қаласындағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына жауапты болып, халықтың әл-ауқатын көтеру мақсатында экономиканың барлық салалары бойынша дамудың оң параметрлеріне қол жеткізуді тапсырды.

Одан бөлек қаланың санитарлық тазалығына, көпқабатты тұрғын үйлердің сәулеттік келбетіне, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына және тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс жасауына баса назар аударуды және облыс орталығының сол жағалауын игеру және дамыту бойынша жаңа жобаларды жүзеге асыруды міндеттеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967245-asylbek-samenov-qyzylorda-qalasynyn-akimi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel