Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақордада Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтуде

Опубликовано:

Президент11
Фото: Ақорда

Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтуде. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ассамблеяның отыз бірінші сессиясы "Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі" күн тәртібімен өтуде.

Онлайн және офлайн форматта өтіп жатқан сессияға 700-ден аса адам қатысуда.

Олардың арасында Ассамблеяның барлық өңірдегі мүшелері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, парламент депуттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, діни бірлестіктер мен өзге де ұйым өкілдері және БАҚ өкілдері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967384-aqordada-toqaevtyn-toragalygymen-qazaqstan-xalqy-assambleyasynyn-xxxi-sessiyasy-bastaldy/

pixel