Тоқаев: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ал орыс тілінің Конституцияда тиісті орны бар
Жарияланған күні:
Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның ХХХІ съезінде Қазақстан үшін ұлттық бірлікті сақтау маңызды екенін айтты. Президент еліміздегі тіл мәселесі жөнінде сөз қозғап, Конституцияда бекітілген қазақ және орыс тілдерінің мәртебесін еске салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Мен БҰҰ-да жұмыс істедім, сондықтан ұлттық бірлікті сақтаудың қаншалықты маңызды екенін білемін, әсіресе көпұлтты мемлекеттерде.(...)
Тілдерге қатысты кемсітушілікке жол берілмейтінін атап өткім келеді. Конституцияда бұл сұрақтың нақты жауабы бар: мемлекеттік тіл – қазақ тілі, бірақ біздің еліміздің Конституциясында орыс тілінің тиісті орны бар", – деді Тоқаев.
Айта кетерлік жайт, ҚХА съезінде қазақстандық блогер Алексей Лодочников сөз сөйлеп, өзінің қазақ және орыс тілдерін жақсы меңгергенін көрсеткен.
Тоқаев қазақша сөйлейтін қазақстандықтарға құрметпен қарайтынын айтты.
"Мен мемлекеттік тіл - қазақ тілін жетік меңгерген азаматтарымызды қатты құрметтеймін. Бүгін Алексей Лодочников айтқандай, бұндай азаматтар мыңдап саналады, оларға қолдау көрсету керек деп есептеймін", - деді Тоқаев.
Еске сала кетсек, бүгін президент Тоқаев қазақ тілінің мәртебесін еліміздегі өзге тілдерді кемсітпей және оларға залал келтірмей көтеру қажет екенін мәлімдеген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967452-toqaev-qazaq-tili-memlekettik-til-al-orys-tilinin-konstituciyada-tiisti-orny-bar/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.