Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа үш облыс құру туралы жарлық Тоқаевтың қарауына енгізілді

Опубликовано:

Қазақстан туы
Көрнекі фото: zakon.kz

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы жарлық жобасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарауына енгізілді, деп хабарлайды үкіметтің ресми Telegram парақшасы.

Үкіметтің хабарлауынша, мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында үкіметтік комиссия құрылып, ауқымды жұмыстар атқарылған.

Жарлық жобасын дайындау кезінде аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде бірқатар жария тыңдау өткен.

Сонымен қатар Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтіп, онда жаңа облыстарға атаулар беру туралы ұсыныстар қолдау тапты.

Ауылдық елдімекендерде жергілікті атқарушы органдар тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Осылайша, президентінің бастамасы жаңадан құрылатын өңірлердің тұрғындары мен қоғам белсенділері, аудандық және облыстық деңгейдегі депутаттар тарапынан қолдау тапқан.

Бұл ретте қоғамдық пікірлер мен ұсыныстар ескеріле отырып, қайта ұйымдастырылатын және жаңадан құрылатын өңірлердің шекаралары айқындалды.

Үкімет қаулысымен президентінің қарауына тиісті жарлықтың жобасы енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967464-zana-us-oblys-quru-turaly-zarlyq-toqaevtyn-qarauyna-engizildi/

pixel