Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Украина СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті: Тараптар не жайлы талқылады

Опубликовано:

Мұхтар Тілеуберді және Дмитрий Кулеба
Мұхтар Тілеуберді және Дмитрий Кулеба. Фото: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы еліміздің Сыртқы саяси ведомствосы ресми сайтында хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, телефон арқылы сөйлесуге Украина тарапы бастамашы болған.

"Тараптар Украинадағы қазіргі жағдайды және Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөздер перспективасын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады", - дейді ведомстводан.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен еді.

Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайын егжей-тегжейлі талқылаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967529-qazaqstan-men-ukraina-sim-bassylary-telefon-arqyly-soilesti-taraptar-ne-zaily-talqylady/

pixel