Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі дауысқа салынған жоқ": Қазыбек Иса мемлекеттік тіл туралы 39 әріптесі қолдаған депутаттық сауалына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қазыбек Иса
Қазыбек Иса. Фото: qazaquni.kz

Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау жөніндегі депутаттық сауалына байланысты оны тек 39 депутаттың қолдағаны сөз болды. Қазыбек Исаның өзі Facebook-те бұған қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты өткен сәрсенбіде Парламентте мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау, Конституцияның 7-ші бабын өзгертіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін жеке дара айқындау туралы депутаттық сауал жолдағанын жеткізді. Оның сөзінше, әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған ақпарат контексттен үзіп алынған.

"Желіде мені Конституциядан орыс тілін алып тастауды ұсынды деп және оны 39 депутат қолдады деген ақпарат тарады. Негізі бұл сөздер менің сөздерім, контексінен үзіп алынған", - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Қазыбек Исаның сөзінше, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде Конституцияда бекітілгенімен, осы уақытқа дейін мемлекеттік тіл туралы арнайы заң қабылданбаған.

"Сондықтан да мемлекеттік органдарға қазақ тілінде хабарласқандар сол мемлекеттік тілде жауап ала алмайтыны жиі кездесуде. Өйткені мемлекеттік қызметкерлердің көбісі мемлекеттік тілді білмейді, тек орыс тілінде сөйлейді. Бұл жерде ұлты қазақ азаматтар тілдік дискриминацияға ұшырап келеді. Сондықтан мен 2012 жылы "Ақ жол" партиясының мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыру жөнінде заң жобасын жасағанын, оны Үкімет тоқтатып тастағанын еске салдым.

Кезекті рет Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды ұсындық. Мемлекеттік тіл ретінде Конституцияда көрсетілген статус сонда ғана нақты жүзеге асады.

Міне осы ұсынысты өзге де бір топ депутаттар қолдап, отаншыл екенін көрсетті, оларға көп рақмет. Парламентте ондай заң әлі дауысқа салынған жоқ.", - деді депутат.

Қазыбек Исаның айтуынша, сауалды қолдаушы депутаттар оған өз қалауымен қосылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1967904-ali-dauysqa-salyngan-zoq-qazybek-isa-memlekettik-til-turaly-39-ariptesi-qoldagan-deputattyq-saualyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel