Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парламент "Республикалық референдум туралы" заңға түзетулерді қабылдады

Опубликовано:

Парламент ғимараты
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заң жобасына сенат енгізген толықтырумен келісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Осылайша, құжат парламентте қабылданды деп есептеледі және қол қою үшін мемлекет басшысына жіберіледі.

Депутат Арман Қожахметовтің хабарлауынша, мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" парламент сенаты енгізген толықтыруды қараған.

"Сенат Республикалық референдумның нысанасы бола алмайтын мәселелерді нақтылау мақсатында "Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңның 3-бабы 2)-тармақшасын жаңа редакцияда ұсынып отыр. Атап айтатын болсақ, "мемлекеттің тәуелсіздігін, республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту" мәселелерi референдум талқысына қойылатын мәселелер бола алмайды...

Қорыта келгенде, "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Конституциялық заң жобасына парламент сенаты енгізген толықтырумен келісуді ұсынамыз", - деді депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1968180-parlament-respublikalyq-referendum-turaly-zanga-tuzetulerdi-qabyldady/

pixel