Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда референдум өткізу жоспары жарияланды

Опубликовано:

Ата заң
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Бүгін Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда өтетін Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың хабарлауынша, 15 мамырға дейін комиссиялар мен сайлау учаскелері құрамының тізімдері жарияланады.

Сондай-ақ референдумға дейін үгіт-насихат жүргізуге де рұқсат етіледі. Ол референдум туралы жарлық енгізілген сәттен басталып, 4 маусымда тыныштық күні аяқталады.

Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдеріне әкім қол қояды және 15 мамырдан кешіктірмей беріледі. Бұл тізімдерде әрбір азамат өзінің қатысу мүмкіндігін тексере алады.

16-25 мамыр аралығында комиссия дауыс беру орны, уақыты мен күні туралы хабарлайды. Референдум 5 маусымда сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Дауыс беру қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылып, қаулымен бекітіледі.

Комиссияның қорытынды туралы есебі дауыс беруден кейін 7 күн ішінде жариялануы тиіс

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1968340-qazaqstanda-referendum-otkizu-zospary-zariyalandy/

pixel