Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде референдум алдында анонимді үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынады

Опубликовано:

сайлау
Көрнекі фото: qazaqstan.tv

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова ОСК отырысында республикалық референдумды өткізуге дайындық кезінде үгіт-насихат жүргізу ережелері бұзылған жағдайда не болатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұргүл Мауберлинованың сөзінше, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің жиналыстарда, митингілерде, азаматтардың жиындарында, оның ішінде БАҚ-та референдумға қатысты пікірін білдіру құқығына кепілдік беріледі.

Осы ретте "Референдум туралы" заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес барлық үгіт-насихат материалдарында белгі болуы, яғни осы материалды шығарған ұйым, басып шығарылған жері және тиражы, сондай-ақ оны шығаруға жауапты адамдар туралы ақпарат болуы тиіс.

"Анонимді түрде үгіт-насихат материалдарын таратуға тыйым салынады. Автор немесе осы материалдарды жариялаған ұйым туралы мәліметтер жоқ барлық материалдар анонимді үгіт-насихат материалы деп қабылданады", - дейді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.

Оның айтуынша, БАҚ-та жарияланатын материалдардың бәрі заң талаптарына сай болуы қажет. Осыған байланысты референдумға дайындық кезінде заңға қайшы контентті анықтау үшін БАҚ пен әлеуметтік желілерге қолданыстағы алгоритмге сәйкес мониторинг жүргізілетін болады.

Нұргүл Мауберлинованың сөзінше, заңбұзушылық анықталған материалдар әрі қарай шара қолдану үшін Бас прокуратураға жіберіледі.

Ал Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев анонимді үгіт-насихат материалдарын таратқандар ӘҚБтК-нің 113-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 25 АЕК (76,5 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін екенін атап өтті.

"Конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге, республиканың тұтастығына нұқсан келтіруге, мемлекеттің қауіпсіздігіне, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және тектік артықшылыққа нұқсан келтіруге, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуға үгіттеуге жол берілмейді", - дейді Болат Дембаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1968366-elimizde-referendum-aldynda-anonimdi-ugit-nasixat-zurgizuge-tyiym-salynady/

pixel