Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге келді, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді", - делінген хабарламада.

Ұйымның іс-шарасы бүгін, 16 мамыр күні Кремльде өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы БАӘ президенті шейх Халифа бен Зайд Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты осы елдің жаңадан сайланған президенті, Абу Дабидің билеушісі шейх Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаянға және билеуші әулеттің мүшелері мен әмірліктер халқына көңіл айту үшін БАӘ-ға барған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1969371-qasym-zomart-toqaev-maskeuge-keldi/

pixel