Тоқаев 17 маусымда форумға қатысу үшін Санкт-Петербургқа барады
Жарияланған күні:
Осы жазда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумына (ПХЭФ) қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады.
Мемлекет басшысы форумға қатысу жайлы ниетін кеше, 16 мамыр күні Владимир Путинмен өткен кездесу барысында білдірді, деп хабарлайды Интерфакс.
"Мен сіздің шақыртуыңызбен 17 маусым күні Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысуды жоспарлап отырмын", - деді Тоқаев.
Айта кетейік, Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ) – бұл 1997 жылдан бері Санкт-Петербургте жыл сайын ұйымдастырылатын іс-шара. 2005 жылдан бастап оған Ресей президенті қатысады.
Форумның негізгі аудиториясы- ірі ресейлік және шетелдік компаниялардың басшылары, мемлекет басшылары мен саяси көшбасшылар, үкімет төрағалары, вице-премьерлер, министрлер мен губернаторлар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1969601-toqaev-17-mausymda-forumga-qatysu-usin-sankt-peterburgqa-barady/