Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ералы Тоғжанов: Министрлердің жеке ұшағы жоқ

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов
Ералы Тоғжанов. Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкімет мүшелері іссапарға жеке ұшақпен ұшып, миллиондаған ақша жұмсайды деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Менің қызметтік көлігім – Мерседес, бағасын білмеймін. Министрлер жеке ұшақпен ұшады дегенді естіген жоқпын. Жуырда мен Жамбыл облысына рейстік Scat-пен ұштым. Ол жерде бәрімен бірге отырасың, бизнес жоқ, бүкіл орын бірдей", - деп жауап берді Тоғжанов үкімет кулуарында журналистер қойған сұраққа.

Айтуынша, кейде жақын өңірлерге автокөлікпен барады. Мәселен, Қарағандыға көлікпен барған.

"Мен әр министрді бақыламаймын. Министрлердің жеке ұшағы жоқ, сол себепті олар рейстік ұшақпен ұшады", - деді Ералы Тоғжанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ералы Тоғжанов Қазақстанда зейнет жасын төмендетуге қатысты пікір білдірген болатын.

Ол үкіметте алдағы уақытта Қазақстанда зейнет жасын төмендету мүмкіндігі талқыланатынын айтты.

Оның сөзінше, бұл мәселені қазіргі таңда тек кеншілер ғана емес, мүгедек баласы бар аналар да көтеріп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1969684-eraly-togzanov-ministrlerdin-zeke-usagy-zoq/

pixel