Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия" құрамын өзгертті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізді. Құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Құжат мәтініне сәйкес, Президент әкімшілігінің басшысының орынбасары Аида Балаева Ұлттық комиссияның жаңа төрағасы болды. Ал бұрынғы төраға әрі мәжіліс депутаты Лаззат Рамазанова төрағаның орынбасары болып тағайындалды.

Сонымен қатар комиссия құрамы да өзгерді. Жаңа құрамға 29 адам енген: Қарақат Әбден, Алина Әбдірахманова, Зульфия Байсақова, Марианна Гурина, Лаура Демесінова, Назым Жанғазинова, Баян Жандосова, Айнұр Жүгінісова, Снежанна Имашева, Айман Исина, Раушан Қажыбаева, Гүлмира Қанай, Лаура Қарабасова, Динара Құсаин, Татьяна Миронюк, Рыиза Молдашева, Найля Мұхтарова, Бибігүл Нұрашева, Айман Омарова, Гүлнар Омарова, Элина Паули, Елена Семидоцких, Гаухар Тасбергенова, Клара Төленбаева, Татьяна Цветкова, Гүлмира Шалабаева, Нәзипа Шанаи, Әзиза Шөжеева, Жұлдызай Ысқақова.

Сондай-ақ аталған комиссия құрамынан Э.Ә. Азимова, М.Д. Айтмағанбет, С.М. Айтпаева, Л.Ж. Ахмурзина, А.И. Әбибуллаева, М.Ә. Әкімжанова, С.Б. Байқошқарова, Г.А. Бөрібаева, Л.Е. Ибрагимова, Л.М. Қалтаева, Д.Т. Мұқаев, А.Қ. Мұсақожаева, С.А. Назарбаева, Д.Ж. Нөкетаева, Н.Е. Сағындықова, С.Х. Салихова, Р.Б. Сәрсембаева, Б. Смағұл, Қ.А. Сүлейменова, Б.С. Тұтқышев, Ә.Ү. Хайруллина, Қ.Ә. Шайх, З.К. Шәукенова шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1969916-toqaev-aielder-isteri-zane-otbasylyq-demografiyalyq-sayasat-zonindegi-ulttyq-komissiya-quramyn-ozgertti/

pixel