Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Mycar.kz алғашқы франшизаға қол қойды

Опубликовано:

Mycar.kz
Фото: Mycar.kz

Mycar.kz брендінің жаңа автоорталығы франшиза бойынша Орал қаласында ашылуда. 2021 жылдың соңында Mycar.kz франшизаларды сатудың басталғаны туралы жариялап, бүкіл Қазақстан бойынша түрлі компаниялардан 200-ден астам ұсыныс алды. Алғашқы франшиза шартына 2022 жылдың 18 мамырында Mycar.kz және 10 жылдан астам автокөлік брендтерімен жұмыс істеп келе жатқан Baiterek Alliance Solutions тобына кіретін West Auto Union арасында салтанатты түрде қол қойылды.

Mycar.kz
Фото: Mycar.kz
"2021 жылдың жазында біз алғаш рет жүрілген автокөліктерді сатуға мамандандырылған Mycar.kz бренді туралы естідік. Олар нарыққа қандай шешімдер ұсынатындығын зерттей бастап, қызығушылық таныттық. Компания франшизаларды сатуды жариялаған кезде, біз бірден өкілдермен байланысып, алғашқы кездесуді белгіледік. Біздің ойымызша, Mycar.kz - заманауи автокөлік нарығындағы жаңалық және, біз оның бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз", – деді Baiterek Alliance Solutions президентi Нурлан Аязбеков.
"Біз Орал қаласынан франшизаны сатып алуға қатысты бірнеше ұсыныстарды алдық және мұқият іріктеуден кейін өз таңдауымызды West Auto Union тоқтаттық. Сонымен қатар, қазіргі уақытта біз Ақтөбе және Ақтау қалаларында франшизалардың ашылуын қарастырып жатырмыз", – деп атап өтті Mycar.kz атқарушы директоры Игорь Ли.

Франшизаның бизнес-үлгісі толыққанды автоорталықты іске қосуды және Mycar.kz барлық қызметтеріне қосылуды қамтиды. Mycar.kz экожүйесі қосымшадан, автоорталықтардан, микроқаржы ұйымынан және автокөлік бизнесін автоматтандыру жүйесінен тұрады.

Брендтің барлық өнімдері қосымша арқылы онлайн режимінде қолжетімді, онда автокөлікті таңдауға, автонесиелеуге алдын ала мақұлдауды алуға, техникалық қарау сервисіне жазылуға, автокөлікті классифайд (онлайн-хабарландыру витринасы) арқылы сатуға және тіпті оны Mycar.kz автоорталықтардың бірінде бір күнде сатуға болады.

"Біздің мақсатымыз – жүрілген автокөлікті сатып алу және сату процесін ашық, ыңғайлы және түсінікті ету. Автокөлік бизнесіндегі ең ірі компания Astana Motors сарапшыларымен тығыз жұмыс істеудің арқасында, біз серіктестерімізге жаңа бизнеске тез және оңай бейімделуге көмектесеміз. Біз басқарушы құрамды оқытамыз, дайын бизнес-процестерді ұсынамыз, маркетингтік және жарнамалық науқандарды жүргіземіз, сонымен қатар серіктесімізге кез келген мәселе бойынша кеңес беретін және өнімді жылжытуға көмектесетін жеке менеджер мен маркетологты тағайындаймыз. Сонымен қатар, біз серіктестерімізге Mycar.kz суперқосымшамен тікелей интеграцияланған Mycar Pro автоорталықтың бизнес-процестерін басқару жөніндегі автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізуді ұсынамыз ", – деді Mycar.kz атқарушы директоры Игорь Ли.

Өткен жылдың ішінде Mycar.kz Қазақстанда төрт автоорталықты ашты: Нұр-Сұлтан мен Шымкентте бір-бірден, тағы екеуі – Алматыда.

Бүгінгі таңда қосымшаны 210 000 астам пайдаланушылар жүктеп алды. Mycar.kz 2 400 000 рет қаралған 70 000 астам хабарландыру жарияланған. Forbes.kz деректері бойынша, Mycar.kz қосымшасы 2021 жылы Қазақстанның үздік қосымшалары арасында 12 орынға ие болды.

Mycar Finance микроқаржы ұйымының жетістіктері рейтингтерде бөлек орын алады. 2021 жылы автонесиелендіру портфелінің көлемі бойынша Mycar Finance МҚҰ Қазақстанның 17 қаласындағы 102 дилерлік орталықта айына 1500 автонесие бере отырып, Қазақстандағы банктер мен МҚҰ арасында 4-ші орынға ие болды.

Енді Батыс Қазақстан облысында Mycar.kz көпфункционалды автоорталығында автокөлікті қауіпсіз және тез сатып алуға, сатуға және айырбастауға болады.

Толық ақпарат алу үшін қосымшаны жүктеп алыңыз немесе mycar.kz сілтемесі бойынша өтіңіз.

Өзіңіздің автоорталықыңызды ашу үшін келесі сілтеме бойынша өтінім беруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970105-mycarkz-algasqy-fransizaga-qol-qoidy/

pixel