Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев еліміздегі сот жүйесін реформалау қажет екенін айтты

Жарияланған күні:

Сот12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуде ашық әрі әділ сот төрелігін қамтамасыз етудің басымдығына ерекше тоқталды, деп хабарлайды Ақорда.

"Судьяларды іріктеу қағидаттарын жетілдірмейінше осы бағытта жасалған барлық күш-жігер тиімсіз болмақ. Қазіргі уақытта сот жүйесінде екі мыңнан астам судья қызмет етіп жатыр. Жыл басынан бері сот жүйесіне қатысы жоқ басқа салалардан келген 50-ге жуық заңгер-практик судья болды. Ілгерілеу бар, бірақ жеткіліксіз. Бұл бағыттағы жұмысты жеделдету керек", – деді мемлекет басшысы.

Президент сот төрелігінің қағидаттарын қамтамасыз етуді тағы бір басымдық ретінде атап өтіп, сот жүйесін реформалау қажеттігі пісіп жетілгенін мәлімдеді.

"Сот жүйесін табанды түрде реформалау қажеттігі пісіп жетілді. Бұл қажеттілік судьялар тарапынан жақсы қабылданып жатыр. Реформа өз көздеген мақсатына қол жеткізеді деп санаймын. Біз мұндай сөздерді шетелдік инвесторлардан да, еліміздің кәсіпкерлері мен азаматтарынан да естіп жүрміз. Сондықтан мен жуық арада осы бағыттағы нақты ауқымды шараларды жариялаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970160-toqaev-elimizdegi-sot-zuiesin-reformalau-qazet-ekenin-aitty/