Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жуырда АҚШ әкімшілігінің ведомствоаралық делегациясы Қазақстанға келеді

Опубликовано:

АҚШ туы
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Дональд Лу бастаған АҚШ әкімшілігінің ведомствоаралық делегациясы 23-27 мамыр аралығында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанда барады. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті ресми сайтында хабарлады.

Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, бұл іссапардың мақсаты - АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы өзара байланысты нығайту.

Қазақстанда делегация жоғары лауазымды қазақстандық шенеуніктермен және азаматтық қоғамның көшбасшыларымен кездесіп, Қазақстанның реформалар бағдарламасын, адам құқықтарын қорғауды күшейту және әйелдердің құқығы мен мүмкіндігін кеңейту жөніндегі шараларды талқылайды деп жоспарлануда.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің АҚШ астанасы Вашингтонға сапары барысында америкалық тарап президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайтынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970529-zuyrda-aqs-akimsiliginin-vedomstvoaralyq-delegaciyasy-qazaqstanga-keledi/

pixel