Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

26 мамырда Тоқаев ресми сапармен Қырғыз республикасына барады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

26 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар барысында екі мемлекеттің басшылары Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Келіссөздер барысында саяси диалогты одан әрі күшейтуге, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға мән бере отырып, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері қарастырылмақ.

Келесі күні, яғни 27 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына бейнебайланыс режимі арқылы қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970601-tayau-arada-toqaev-qyrgyz-respublikasyna-resmi-saparmen-barady/

pixel