Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министріне бірқатар тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қайырбек Өскенбаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Кездесу барысында ведомство басшысы президентке министрліктің жыл басынан бері атқарған жұмыстары туралы есеп берген.

Сондай-ақ Қайырбек Өскенбаев мемлекет басшысына қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру үшін қабылданған шаралар туралы баяндаған.

Оның сөзінше, министрлік соңғы 3 жылда пайдалануға берілген тұрғын үйлерге тексеріс жүргізіп, статистикалық деректерді анықтаған. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, құрылыс нарығын монополиядан арылту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде шаралар топтамасын әзірлеген.

Сонымен қатар баспанасы жоқ, жағдайы нашар азаматтарды қолдауға бағытталған жаңа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған. Бүгінге дейін аталған бағдарлама бойынша 2,5 мың өтінім мақұлданған.

Министрдің айтуынша, одан бөлек өнеркәсіп саласында импорт алмастыруға бағытталған 700 маңызды инвестициялық жоба даярланған. Арнаулы экономикалық аймақтар жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде шешімдер қабылданған. Пайдалы қазбалар кен орындарының бәріне тексеріс жүргізілген.

Қазіргі уақытта 118 лицензияның қызметі тоқтатылған. 57 келісімшарт үзілген. Жер қойнауын пайдаланушыларға олқылықтарды жою үшін 73 ескертпе жолданған. Тау-кен және металлургиялық кәсіпорындармен бірлесіп, орта және жоғарғы шектеулі өңдеуші өнімдер өндірісін өркендету үшін кешенді шаралар әзірленген.

Сонымен бірге Қайырбек Өскенбаев өзі басқарып отырған ведомство еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және кеден логистикасы саласына ірі халықаралық компанияларды тарту үшін ауқымды жұмыстар жүргізгенін жеткізді.

Министр республикалық маңызы бар автожолдарды жаңғырту, жөндеу және салу жұмыстарына да арнайы тоқталды.

Кездесу соңында президент еліміздің күре жолдары құрылысына қатысты мәселенің стратегиялық маңызы бар екенін атап өтіп, оның айрықша бақылауда болатынын еске салды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев көршілес мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастықты дамыту қажет екеніне назар аударып, министрге бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970644-toqaev-industriya-zane-infraqurylymdyq-damu-ministrine-birqatar-tapsyrma-berdi/

pixel