Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"600-ден аса лауазымды тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленді": Антикор басшысы президентке есеп берді

Опубликовано:

Тоқаев пен Бектенов
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олжас Бектенов. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады. Кездесу барысында ол президентке қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Ақорда.

Агенттіктің дерегі бойынша биылғы 5 айдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1000-нан астам қылмыстық іс тіркелген.

600-ден астам лауазымды тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленген. Олардың 110-ы – әр түрлі деңгейдегі басшылар.

Кездесу барысында Олжас Бектенов мемлекетке келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз ету жөніндегі президент тапсырмасының орындалу барысы туралы да мәлімет берді. Айтуынша, жыл басынан бері ел бюджетіне 220 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылған.

Одан бөлек Олжас Бектенов мемлекет басшысына агенттіктің бизнеске заңсыз араласудан қорғау тетіктерін қалыптастыру үшін шаралар қабылдағаны жөнінде де баяндады.

Оның сөзінше, қазір іс-қимыл алгоритмі әзірленген. Соған сәйкес тергеп-тексерудің басталуы мен кәсіпкерлерге қатысты кез келген тергеу амалдары орталық аппараттың келісімі арқылы жүзеге асырылуға тиіс.

Сонымен қатар агенттік төрағасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттік органдардың бизнеске заңсыз араласу фактілеріне жедел назар аударатын жұмыс тобы құрылғанын атап өтті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970761-600-den-asa-lauazymdy-tulganyn-zemqorlyq-areketi-askerelendi-antikor-bassysy-prezidentke-esep-berdi/

pixel