Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Дүниежүзілік экономикалық форумның қатысушыларына бейнеүндеу жасады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Президенттің баспасөз қызметі

Осы күндері Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырған дөңгелек үстел қатысушыларына бейнеүндеу жасады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент өз үндеуінде әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, COVID-19 пандемиясына қатысты жағдай мен Украинадағы оқиғалар әлемдік экономиканың бөлшектенуіне түрткі болған. Бұл Еуразия құрлығында жаңа геосаяси сынаққа алып келген. 

Сонымен қатар президент пандемияға қарсы күрес аясында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, шағын және орта бизнесті, инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға қатысты мемлекет қабылдап жатқан шаралар туралы айтқан. 

Қасым-Жомарт Тоқаев форумның қатысушыларына елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси-экономикалық реформалар жөнінде, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін алдағы республикалық референдумға дайындық барысы туралы да жан-жақты мәлімет берген. 

Мемлекет басшысы қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік және корпоративтік басқару (ESG) салаларындағы мақсаттарды жүзеге асыруға Қазақстанның бейілді екенін атап өткен. 

Одан бөлек президент еліміздің әлемдік нарықтарға тауарларды, шикізатты және ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз жеткізу ісін қамтамасыз етуде сенімді серіктес болып қала беретінін мәлімдеген. 

"Жасыл" экономиканы дамыту, энергетиканың тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия секторын өркендету біздің Көміртегін төмендету жөніндегі стратегиямыздың басымдықтары саналады. Бұл 2060 жылға қарай қалдықтарды мүлде жоюға оңтайлы жол ашады", - дейді мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында Қазақстанның адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы халықаралық міндеттемелер мен қағидаттарға адал екенін жеткізген.  

Дөңгелек үстелге ірі жаһандық инвестициялық компаниялардың, коммерциялық емес сектордың және халықаралық БАҚ өкілдері қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970857-toqaev-duniezuzilik-ekonomikalyq-forumnyn-qatysusylaryna-beineundeu-zasady/

pixel