Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділет Тойбаев БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Опубликовано:

Әділет Тойбаев
Әділет Тойбаев. Фото: primeminister.kz

Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Әділет Жүнісұлы Тойбаев БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған.

2008-2009 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, академиялық мәселелер жөніндегі директоры болды.

2011-2017 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры болып қызмет етті.

2017-2018 жылдары Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры лауазымын атқарды.

2018 жылдан бастап қазірге дейін БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1970930-adilet-toibaev-bgm-gylym-komitetinin-toragasy-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel