Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлердің халықпен кездесуінің 2022 жылға арналған кестесі бекітілді

Опубликовано:

Үкімет үйі
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуінің 2022 жылға арналған кестесі бекітілген үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесулер кезінде министрлер өз саласы бойынша азаматтарды жеке қабылдайды. Бірінші кезекте жергілікті деңгейде шешімін таппаған және ведомствоаралық тәсілдерді қолдануды талап ететін проблемалық мәселелер қаралады.

Негізгі жаңалық – кездесудің кемінде 75 пайызы "сұрақ-жауап" форматында өтеді.

Орталық мемлекеттік органдар басшыларының кездесу кестесімен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Мһмемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелеріне өңірлерге барып есеп беруді, қазақстандықтарды елімізде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етуді, атқарушы органдардың ел тұрғындары алдында есеп беруі мен жауапкершілігін күшейтуді, халықты мемлекеттік басқару процесіне кеңінен тартуды тапсырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1971135-ministrlerdin-xalyqpen-kezdesuinin-2022-zylga-arnalgan-kestesi-bekitildi/

pixel