Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезінде жарақат алған шенеуніктің орнына Алматы қалалық спорт басқармасына жаңа басшы келді

Опубликовано:

Ерден Хайруллин
Ерден Хайруллин. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы болып Ерден Рашидұлы Хайруллин тағайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдік ресми сайтында.

Ерден Хайруллин 2009 жылы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін "Автоматтандыру және басқару" мамандығы бойынша, 2011 жылы осы университті "Экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Сондай-ақ Азаматтық авиация академиясынын авиация техникасы және технологиясының магистрі дәрежесін алған.

2012-2019 жылдары Алмалы ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, осы бөлімнің басшысы болып қызмет атқарған.

2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қалалық спорт басқармасын басқарған Рүстем Байсейітов қаңтар оқиғасы кезінде алған жарақатына байланысты қызметтен кететінін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1971220-qantar-oqigasy-kezinde-algan-zaraqat-algan-seneuniktin-ornyna-almaty-qalalyq-sport-basqarmasyna-zana-bassy-keldi/

pixel