Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Самат Ғилымов лауазымды қызметінен босатылды

Опубликовано:

Самат Ғилымов
Самат Ғилымов. Фото: primeminister.kz

Самат Ғилымов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Самат Қуанышұлы Ғилымов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Самат Ғилымов 1964 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1981 жылы Атырау қаласындағы Қосшағыл совхозында бастаған.

Әр жылдары Атырау облысы совхоздарында слесарь, машина алаңы меңгерушісі, бас инженер болып жұмыс істеді.

Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеген. 

1998-2002 жылдары салық (қаржы) полициясы органдарында еңбек еткен.

2002-2005 жылдары — Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2008-2014 жылдары Көлік және коммуникациялар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2014-2019 жылдары — Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы, Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитетінің төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1971417-samat-gilymov-lauazymdy-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel