Тоқаев академик, ғалымдар мен мұғалімдерді марапаттады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" қаулыға қол қойды. Осылайша, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және ғылыми қызметке сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар азамат наградталды, деп хабарлайды Ақорда.
- I дәрежелі "Барыс" орденімен:
Жұрынов Мұрат – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ президенті;
- IІІ дәрежелі "Барыс" орденімен:
Әбділдин Жабайхан – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі;
Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі;
Кішібеков Досмұхамед – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі;
- "Парасат" орденімен:
Байкөншеков Жұмаділ Жанабайұлы – "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ Орталығының директоры;
Блиев Назарбай – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі;
Жәрменов Әбдірасул Алдашұлы – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығы" РМК бас директоры;
Күрскеев Әбдірахман Козлоевич – Білім және ғылым министрлігінің "Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" РМК бас ғылыми қызметкері;
Пак Иван Тимофеевич – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ шетелдік мүшесі;
Сманов Бақтияр Өрісбайұлы – "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті" КеАҚ профессоры;
Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" РҚБ академигі;
- "Құрмет" орденімен:
Әбсадықов Бахыт Нәрікбайұлы – "А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты" АҚ бас ғылыми хатшысы;
Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы – "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры;
Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы – "Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті" КеАҚ ректоры;
Косов Владимир Николаевич – "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" КеАҚ кафедра меңгерушісі;
Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы – Білім және ғылым министрлігінің "Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" РМК директоры;
Медеу Ахметқал – «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы;
Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы – "Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ профессоры;
Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы – Денсаулық сақтау министрлігінің "Ұлттық биотехнология орталығы" РМК бас директоры;
Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы – "С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ кафедра меңгерушісі;
Төлешов Амандық Қуатұлы – Білім және ғылым министрлігінің "Академик Ө. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты" РМК бас директоры;
- "Ерен еңбегі үшін" медалімен:
Дәулетов Асқар Ербұланұлы – "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ деканы наградталды.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1971918-toqaev-akademik-galymdar-men-mugalimderdi-marapattady/