Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды

Опубликовано:

Бекбол Орынбасаров
Бекбол Орынбасаров. Фото: facebook.com/AkimatMangystau

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Бекбол Орынбасаров тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігі ресми Facebook парақшасында.

Облыс әкімінің жаңа орынбасарын бүгін, 7 маусымда аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев аппараттық жиында таныстырды. Ол Бекбол Орынбасаровқа жұмысында табыс тілеп, өңірді дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, Бекбол Орынбасаров әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "Саяси экономия және қоғамтану оқытушысы" мамандығы бойынша, Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің - құқық магистрі.

Еңбек жолын 1993 жылы Форт-Шевченкода Маңғыстау облыстық кеден басқармасының "Баутино" кеден бекетінің инспекторы лауазымынан бастаған.

1996 жылдан 1998 жылға дейін банк және қаржы секторында еңбек еткен.

1999 жылы Ақтау қалалық әкімшілігінің мүлікпен басқару бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.

2005 жылға дейін Ақтау әкімдігінде түрлі лауазымдарды атқарған. Кейін Ақтау әкімінің орынбасары болған.

2006 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің бухгалтерлік есеп және кадр жұмысы, ақпараттандыру технологиялар және ұйымдастыру техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы болып, онда 2019 жылға дейін еңбек еткен.

2019 жылдан бастап 2021 жылдың наурызына дейін "Ақтау теңіз порты "Арнайы экономикалық аймағы" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атақарған.

2021 жылдың наурыз айынан бастап, бүгінгі күнге дейін - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1972992-mangystau-oblysy-akiminin-birinsi-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel