Қазақстанда ресми түрде үш жаңа облыс құрылды
Жарияланған күні:
4 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құру туралы жарлыққа қол қойған еді. Бүгін, 8 маусымнан бастап сол жарлық күшіне енді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айта кетейік, президент жарлығына сәйкес, орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысы құрылды. Абай облысының құрамына: Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары мен Семей және Курчатов қалалары кірді.
Сондай-ақ әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасатын Жетісу облысы құрылды. Оның құрамына: Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары мен Талдықорған және Текелі қалалары кірді.
Сонымен қатар әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құрылды. Оның құрамына: Жаңаарқа, Ұлытау аудандары мен Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалары кірді.
Одан бөлек Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірілді.
Айта кетейік, бұған дейін Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973095-toqaevtyn-us-zana-oblystyn-quru-turaly-zarlygy-kusine-endi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.