Абай облысы мәслихатының хатшысы сайланды
Жарияланған күні:
Бүгін Абай облысы мәслихатының бірінші сессиясы өтті. Оның барысында депутаттар Абай облыстық мәслихатының хатшысын сайлады. Мәслихат хатшысы Қуаныш Сүлейменов болды, деп хабарлайды Семей қаласының ішкі саясат бөлімі.
Қуаныш Серікқазыұлы 1973 жылы Семей облысының Шар қаласында дүниеге келген.
Семей мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. Білімін Қазақ мемлекеттік заң академиясында жалғастырып, кейін Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университетті "Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы" мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Көп жыл бойы мектеп қабырғасында білім беру жүйесінде қызмет еткен. Қазіргі таңда, "Шалабай" ЖШС асыл тұқымды шаруашылығының бас директоры болып табылады.
Айта кетейік, бүгін, 8 маусымда елімізде ресми түрде үш жаңа облыс құрылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973151-abai-oblysy-maslixatynyn-xatsysy-sailandy/