Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әли Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Опубликовано:

Әли Алтынбаев
Әли Алтынбаев. Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті сайты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Әли Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Әли Алтынбаев 1979 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Бақбақты ауылында дүниеге келген.

2000 жылы Бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2015 жылы "Тұран" университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша және 2019 жылы Ресей Федерациясы президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын "Мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитетінің жанама салықтар бөлімінің салық инспекторының міндетін атқарушы қызметінен бастаған. 

2001-2009 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық комитетінде түрлі қызмет атқарған.

2009-2010 жылдары Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Салық аудиті басқармасы заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы болды.

2010 жылы Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық басқармасының жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығының бөлім басшысы болып қызмет етті.

2010-2014 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық департаментінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2014-2015 жылдары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшылық қызметтер атқарған.

2015-2017 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болды.

2017-2019 жылдары Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2019-2020 жылдары ҚМ МКК Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды.

2020-2021 жылдары ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымын атқарды.

2021 жылғы наурыздан бастап 2021 жылғы мамырға дейін Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болды.

2021 жылғы 13 мамырдан бастап Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973331-ali-altynbaev-ulttyq-qauipsizdik-komiteti-toragasynyn-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel