Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды

Опубликовано:

Бақыт
Бақыт Күрішбеков. Фото: instagram.com/kurishbekovbakhyt

Алматы облысы Талғар қаласы әкімі қызметіне Бақыт Күрішбеков келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

"47,71 пайыз дауысқа ие болған Күрішбеков Бақыт Қуатбекұлы Талғар қаласы әкімінің сайлауында жеңіп шықты", - делінген хабарламада.

Талғар аудандық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, барлық сайлаушылардың 23,77 пайызы сайлауға келген.

Белгілі болғандай, әкімдікке 4 адам үміткер болған.

Ақботаев Бақытжан Рақымұлы сайлау қорытындысы бойынша 23,63 пайыз дауыс жинады, Даулетбақов Нұрбек Бақытқанұлын халықтың 17,84 пайыз қолдаған.

Назарбаев Сапарбек Мұхтарұлы 7,70 пайыз дауыс жинады. 218 сайлаушы бәріне қарсы дауыс берсе, 93 бланк бүлінген немесе дұрыс толтырылмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1973769-talgar-qalasynyn-zana-akimi-sailandy/

pixel