Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғылым және жоғары білім министрі балалары неге Кипрде оқитынын түсіндірді

Опубликовано:

Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек. Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Жаңа ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет кулуарында өз балалары неге Кипрде оқитынын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері Саясат Нұрбектің балалары Кипрде оқитынына назар аударды. Олардың мәліметінше, осыған дейін министр қазақстандық білімге сенбегендіктен балалары шетелде оқитынын айтқан.

"Бұл сөздерді бұрмалау. Мұндай жағдай болған жоқ. Олар 26 маусым күні Қазақстанға қайта келеді, мен сіздерге фотоесеп жіберемін. Оларды асыға күтудемін", - деді ол.

Нұрбек олардың осы уақытқа дейін неге Кипрде болғанына да жауап берді.

"Үш себебі бар. Бірінші, жұбайым мен балаларымның денсаулығы. Нақты медициналық қорытынды, нақты проблемалар бар. Екіншісі, өкінішке қарай, мен балаларымды мұнда жекеменшік мектептерде оқытуға қаржым жетпеді. Үшіншіден, бұл британилық форматтағы жақсы британиялық мектеп. Бірақ уайымдамаңыздар, олар 26 маусым күні Қазақстанға оралатынын тағы да айтқым келеді", - деді ол.

Осыған байланысты журналистерді балаларының елге оралуына Саясат Нұрбектің министр болуы әсер етті ме, енді ол балаларын қазақстандық жекеменшік мектептерде оқыта ала ма деген сұрақ қызықтырды.

"Мен бір күн бұрын ғана министр болдым. Бір күн ішінде жеке жағдайда да, білім және ғылым жүйесінде де өзгеріс енгізу мүмкін емес. Олар қарапайым мектепке оралады, мен сіздерге фотоесеп жолдаймын. Сондықтан менің және отбасымның жағдайына уайымдамаңыздар.

Жалақыға байланысты айтсам, жұмыстағы бірінші күнім болғандықтан ештеңе білмеймін. Министрлік әлі заңды тұлға ретінде тіркелген жоқ. Әлі өзімді жұмысқа ала алмай отырмын. Мұның барлығын бір-екі айда нөлден бастауым қажет. Сіздер түсінулеріңіз үшін: қазір қосымша жұмыспен де айналаыса алмаймын. Маған министрлік құрып, өзімді, одан кейін басқа жұмысшыларды алуым қажет", - деді Нұрбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974026-gylym-zane-zogary-bilim-ministri-balalary-nege-kiprde-oqitynyn-tusindirdi/

pixel