Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Қарин Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі болып тағайындалды

Опубликовано:

Тағайындау
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Ерлан Қарин Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына сәйкес Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалсын", - делінген президент қол қойған құжатта.

Ерлан Қарин 1976 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Сайрам ауданы, Ақсу ауылында туған.

1997 жылы К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін аспирантурасын бітірген. Саяси ғылымдардың кандидаты.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласының №33 мектебінде география және тарих пәндерінің мұғалімі болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан даму институтында саяси зерттеулер орталығының қызметкері, Қытай және Ресей институты директорының орынбасары, Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры, премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі болған.

Сонымен бірге республикалық "Асар" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, заманауи саясат Халықаралық институтының бас директоры, Антитеррористік бағдарламалар орталығының басшысы, Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Президент әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Одан бөлек, "Нұр Отан" ХДП-ның стратегиялық даму бойынша хатшысы, Вашингтон университетінің (АҚШ) арнайы шақырылған профессоры, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, "Қазақстан" РТРК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болды.

Сондай-ақ президенттің кеңесшісі, президенттің көмекшісі қызметтерін атқарған.

Ал 2022 жылғы 5 қаңтардағы Қазақстанның мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974083-erlan-qarin-qazaqstannyn-memlekettik-kenessisi-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel