Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Халыққа парламенттік жүйені уәде еткен жоқпын

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында суперпрезиденттік басқару формасынан бас тарту елдегі саяси ахуалға қауіп тудырмай ма деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай өзгерістің дұрыс жүйе екенін жеткізді.

"Қазақстанда азаматтық қоғам толысқан, дәл осы жүйеге сұраныс аса жоғары. Кейбір белсенділер мен батыстағы бақылаушылар үндеп жүрген парламенттік жүйеге ауысу туралы айтар болсақ. Әрине, мен халыққа мұндай жүйені уәде еткен жоқпын. Бұл жүйе геосаяси жағдайдың дәл қазіргідей шиеленісіп тұрған кезеңінде бізге сай келмейді деп санаймын", - дейді президент.

Сондай-ақ мемлекет басшысы ықпалды парламенті бар "өркениетті президенттік жүйеге өту" ел үшін өте қажет деп санайтынын жеткізді.

"Парламентке келетін болсақ, төменгі палатаның келесі сайлауы мүлдем жаңа ережелер бойынша өтеді – 70 пайызы пропорционалды жүйе, яғни, партиялық тізім бойынша, ал 30 пайызы бір мандатты округтер бойынша мажоритарлық жүйе", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1974234-toqaev-xalyqqa-parlamenttik-zuieni-uade-etken-zoqpyn/

pixel